Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №74 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 522 005 123,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 70 291 059 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 5 297 193 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 446 416 871,2 мың теңге;
2) шығындар – 542 754 251,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 9 843 229,1 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 24 261 626 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 14 418 396,9 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -30 592 357,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
30 592 357,6 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 23 061 626 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 12 523 428,9 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 20 054 160,5 мың теңге.»;
11-тармақ:
14-1), 14-2), 14-3), 14-4), 14-5) және 14-6) мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) газ тасымалдау жүйесін дамытуға;
14-2) мәдениет нысандарын дамытуға;
14-3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі газ жүйелерін қолдануды ұйымдастыруға;
14-4) қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамытуға;
14-5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін қолдануды ұйымдастыруға;
14-6) байланыс желілерін салуға;».
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Облыстық бюджетте мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен 2024 жылға арналған несиелік тұрғын үй құрылысына қарыздар түсімі көзделсін.
Аталған қарыздар түсімі сомаларын бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.»;
|
|
|
|
\ Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. СҮЙІНТАЕВА