Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы Ақтөбе облысының әкімі
14 наурыздағы сессиясында жарияланды А.Б.Шахаровқа
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Асхат Берлешұлы!
Ырғыз ауданының тұрғындарынан (сайлаушылардан) түскен сұраным-сауалдарды сараптай келе өзіңізге екі сауал жолдаймын.
Соңғы жылдары Ырғыз-Торғай өзеніне салынған «Қыл» бөгетінің реттеуші шлюзі болмағандықтан тасыған судың бөгет жанынан бұзып жаңа арна жасап алып, құрдымға кетуі Ырғыз-Торғай өзендерінің бойындағы көлдердің құрғап калуына себеп болып отыр.
Бұл жағдай Ырғыз ауданының ауыл-шаруашылығына, балық аулау кәсіпшілігіне, табиғи құндылықтарына, халықтың тұрмыс-тіршілігіне кері әсерін тигізіп отыр.
Ырғызда туып-өсіп, жер жағдайын білетіндіктен: «Қыл» бөгеті бұзылмай тұрғанда қасында 28 млн. текше метр су жиналатын табиғи су қоймасы болған. Ырғыздың өзен-көлдерінде су тапшылығы болған емес.
Сондықтан Ырғыз өзені бойында (Әйтеке би ауданында) әр жерден бөгет салып, қаржыны жан-жаққа шашқанша, осы қаражатты жинақтап Ырғыз-Торғай өзенінің құрдымға құятын жеріндегі «Қыл» бөгетін нығайтып, реттеуші шлюз салынса, келген су құрдымға құйылып құрып кетпей, жылдан-жылға көбейіп, бұрынғы жағдайымызға келген болар едік.
Осы жағдайды баяндай келе аймақ басшысы ретінде Сізден өтініш: «Қыл» бөгеті бойынша арнайы комиссия құрып мәселенің оң шешімін табуға көмектессеңіз.
«Жасыл ел» жастар бағдарламасы жылда жұмыстар жасайды, бірақ ол мардымсыз, нәтиже аз. Арнайы көгалдандырумен, ағаш егумен айналысатын мекеме жоқ.
Бұрын 1990 жылдарға дейін Ырғызда «Орман шаруашылығы» мекемесі жұмыс жасап тұрғанда елді мекендер айналасында қалың жыңғыл, сексеуіл, талдар мен шеңгелдер, қараған өсіп тұратын. Ауданда бір керемет жасыл белдеу болатын. Бұның барлығы қайта құру кезінде, мекеме жабылып, халық отқа жағар көмір-ағаш болмағандықтан өсіп тұрған сексеуіл, талдарды шауып, пайдаланып, құртып жіберді.
Қазіргі таңда табиғи түрде сексеуілдер мен жыңғылдар, шеңгелдер қайта өніп-өсіп жатыр. Арнайы қорғап күтіп-баптау болмағандықтан шығымы аз.
Осы себептен Сізден аудан халқынын атынан сұрайтыным: Ырғыз ауданында «Орман шаруашылығы» мекемесін қайта ашуға ықпал етсеңіз.
Депутаттық сауалды қарау нәтижелері туралы заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша нысанда хабарлауды сұраймын.
Құрметпен,
Ақтөбе облыстық
мәслихатының депутаты Қ.Е.Бекенов