О депутатском запросе Избасова Б.О. - депутата по одномандатному избирательному округу №14

Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы                       Ақтөбе облысының әкімі

14 наурыздағы сессиясында жарияланды                             А. Б. Шахаровқа

 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

 

Құрметті Асхат Берлешұлы!

 

       Менің депуттатық сауалым 38000 (отыз сегіз мың) халқы бар, Темір ауданындағы 250 (екі жүз елу ) қабылдауы бар 100 (жүз) орындық аудандық аурухана құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама. 2019 жылдан бері жоспарланған болатын, түрлі себептермен осы уақытқа шейін, шешімін таппай келеді. Ғимарат құрылысын жүргізуге жер телімі 03.07.2019 жылы бөлінген.

         Темір ауданының халқына 100 орындық аурухана құрылысы жүргізілген жағдайда, болашақта көпсалалы аурухана мәртебесін алу мүмкіндігі туындайды.

         Аурухана құрылысы экологиялық жағдайы аса мәз емес аудан хадқына аса қажет, себебі аудан халқына медициналық қызмет көрсетіп отырған аурухана ғимараты, қәзіргі заман талабына сай емес. 1972 жылдары салынған Теміржол ауруханасының ескі ғимараты, түгелімен күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Екі қабатты ғимараттың құрылыс контрукциясының жай-күйіне жүргізілген техникалық тексеру нәтижесін талдау негізінде, ғимараттың пайдалану көрсеткіштерін жақсарту үшін күрделі жөндеу жүргізу кажет екенін көрсетті.

          Жоғарыда көрсетілген мәселелерді ескере отырып, оң шешімін табу мақсатында қаржы бөліп шешуге ықпал етуіңізді сұраймын.

Депутаттық сауалды қарау нәтижелері туралы заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша нысанда хабарлауды сұраймын.   

 

Құрметпен,

 

Ақтөбе облыстық

мәслихатының депутаты                                                                Б. Избасов

Дата публикации
27 марта 2024