Ақтөбе облыстық мәслихатының
Ш Е Ш І М І
Ақтөбе қаласы №123 2024 жылғы 14 наурыз
№7 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат Ф.С.Сансызбайдың депутаттық сауалы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 21-1-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Шахаровқа жолданған, №7 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – Ф.С.Сансызбайдың депутаттық сауалы назарға алынсын.
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабымен белгіленген мерзімде жауап ұсынуы үшін, «Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» ММ (Т.В.Айтқалиев) депутаттық сауалды үш күндік мерзім ішінде жолдасын.
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. СҮЙІНТАЕВА