Ақтөбе облыстық мәслихатының
Ш Е Ш І М І
Ақтөбе қаласы №122 2024 жылғы 14 наурыз
|
Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №363 «Облыстық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы |
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер кодексінің 15-бабының 1-тармағының 5-3) тармақшасына және 43-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №363 «Облыстық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
комиссия құрамына енгізілсін:
|
ЕСЕНБАЕВ Асылбек Есімқанұлы |
облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
|
|
|
|
комиссия құрамынан М.Е.Абдуллин шығарылсын.
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. СҮЙІНТАЕВА