Облыстық мәслихаттың кезекті  оныншы сессиясы жалпы отырысының күн тәртібі туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                         №114                       2024 жылғы 14 наурыз

 

Облыстық мәслихаттың кезекті  оныншы сессиясы жалпы отырысының күн тәртібі туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Облыстық мәслихаттың кезекті оныншы сессиясы жалпы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:

  1. 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты төрағасының есебі туралы.

 

Баяндамашы: Г.Р.Сүйінтаева – облыстық

мәслихаттың төрағасы

 

  1. Білім беру сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.

 

Баяндамашылар: Г.А.Сәрсенғалиева - Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету

департаментінің басшысы

 

Ж.И.Сұлтан – білім  басқармасының басшысы

 

  1. 3. Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №235 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  2. Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі №57 «Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы №328/415 «Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  4. Облыстық мәслихат депутаты Қ.М.Райымқұловтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

Хабарламашы: Н.М.Жүсіпов – облыстық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы

 

  1. Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №175 «Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №363 «Облыстық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. №7 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – Ф.С.Сансызбайдың депутаттық сауалы туралы.
  4. №14 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – Б.О.Ізбасовтың депутаттық сауалы туралы.
  5. «Amanat» партиясынан депутат – Қ.Е.Бекеновтің депутаттық сауалы туралы.
  6. №2 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – М.А.Қойлыбаевтың депутаттық сауалы туралы.
  7. Облыстық мәслихаттың келесі кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.

 

 

 

         Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                              Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
27 марта 2024