Депутаттық сауал  Е. СИСЕНБАЕВ

Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы                              Ақтөбе облысының әкімі

13 желтоқсандағы сессиясында жарияланды                                   А.Б.Шахаровқа

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Асхат Берлешұлы!

 

Өздеріңізге белгілі, автомобиль жолдарының сапасы – халық тұрмысына және экономикаға тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Халыққа арнаған Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде Үкіметке тікелей тапсырма берген болатын.

Осы орайда, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы Асау батыр көшесінен Барақ батыр көшесіне дейінгі автомобиль жолы (1,5 км), Солтүстік-3 көшесінен Теміржол-1 көшесіне дейін және Т.Жармағамбетов көшесінен М.Ержаев көшесіне дейін автомобиль жолының ЖСҚ мен сараптама қорытындысы дайын. Жолдың ұзындығы (930 метр)

Сондай-ақ, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы Т.Жармағамбетов көшесінен Ақтөбе-Атырау тас жолына дейін және Қ.Жазықов көшесінен Ә.Молдағұлова көшесіне дейін тас жолдың құрылысын бастауға ЖСҚ мен сараптама қорытындысы дайын. Жолдың ұзындығы (870 метр)

Жоғарыда аталған көшелердің барлығыда негізгі көшелерді бір-біріне қосатын ауыл ішінің негізігі жолдары болып келеді. Автомобиль жолын салуға құжаттар толық дайын болғанымен қаражат 2025 жылға ғана қарастырылған.

Құрметті Асхат Берлешұлы Сіздің тарапыңыздан осы мәселеге назар аударып, 2024 жылға қаражат бөлуге ықпал етеді деп сенемін.

Депутаттық сауалды қарау нәтижелері туралы заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша нысанда хабарлауды сұраймын.   

 

 

           Құрметпен,

      Ақтөбе облыстық

мәслихатының депутаты                                                              Е. СИСЕНБАЕВ

Дата публикации
24 января 2024