Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы Ақтөбе облысының әкімі
13 желтоқсандағы сессиясында жарияланды А.Б.Шахаровқа
Депутаттық сауал
Құрметті Асхат Берлешұлы!
Құрметті Асхат Берлешұлы, Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылының түйіткілді мәселесі бойынша Сізге сауал жолдап отырмын.
Алдымен қысқаша ауыл туралы тоқталсам, Амангелді ауылында қазіргі уақытта 250-ден астам тұрғын шоғырланған, барлық инфрақұрылым, оның ішінде 100 % көгілдір отын мен электр жүйесі толығымен қамтылған, сонымен қатар, мектеп және медициналық пункт жұмыс жасауда. Шаруа қожалықтары да аудан және облыстың дамуына өздерінің тараптарынан үлестерін қосуда.
Ауылдың айрандай ұйып отырғандығы жергілікті тұрғындардың сабырлығы деп түсінген жөн, дегенмен соңғы уақытта тұрғындардың сұранысы күн санап артып келеді, себебі өзіңізге белгілі Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың ауылды сапалы интернетпен қамтамасыз ету қазіргі кезде мемлекеттің басты приориттерінің қатарында тұрғандығын атап көрсеткендігінде.
Сондықтан да, ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Ақтөбе облысы әкімдігімен Ақтөбе облысы аумағында 2023-2024 жылдарға арналған байланыс сапасын арттыру жөніндегі жол картасы екіжақты бекітілген. Менің қолыма тиген осы құжатта, жоғарыда аталған Амангелді ауылының байланыс операторларының қайсі бірі байланыс жүргізетіндігі әлі де болса нақты анықталмаған.
Бұл менің түсінігім бойынша әлі де 3-5 жылдай ауыл тұрғындары сапалы байланыспен қамту мәселесін телміре күтеді ма?
Ауылға жергілікті атқарушы органдарға менің қолқа салуыммен байланыс жүйесіне қажетті анттенна қойылды, электр жүйесімен қамтамасыз етілді, барлығы дайын, енді 30 жыл телмірген ауыл тұрғындары сапалы байланыс жүйесін күтіп отыр.
Құрметті, Асхат Берлешұлы дана халқымызда жақсы сөз бар «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» деген, сондықтан да Сіздің аталған мәселеде оңды шешім қабылдап, жаңа 2024 жылға ауыл тұрғындарына сапалы байланыспен аяқ басуына қолғабыс ететіндігіңізге сенімдімін.
Депутаттық сауалды қарау нәтижелері туралы заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша нысанда хабарлауды сұраймын.
Құрметпен,
Ақтөбе облыстық
мәслихатының депутаты С.ҚАЛДЫҒҰЛОВ