Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                       №113                  2023 жылғы 25 желтоқсан

 

Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және 20-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №137/640 қаулысына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мынадай құрамда сайлансын:

 

НҰРМАҒАМБЕТОВА Ақмарал Құралбайқызы

 

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының облыстық филиалынан

 

БҮРКІТАЛИН

Асылжан Жаналыұлы

 

«Amanat» партиясының облыстық филиалынан

ЖҮСІПОВ

Нұрлыбек Мейірханұлы

 

 

 

«АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясының облыстық филиалынан

НҰРЖІГІТ

Шыңғыс Сейдахметұлы

 

 

ЖСДП жалпыұлттық демократиялық партиясының облыстық филиалынан

 

КӨККӨЗОВА

Радина Берікқызы

 

 

«Байтақ» жасылдар партиясының облыстық филиалынан

МӘТЕБАЕВА

Іңкәр Мақсатқызы

 

Қазақстан халық партиясының облыстық филиалынан

 

ТОҒЫЗБАЕВА

Жанна Талғатқызы

«Қазақ тілі» қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалынан

          

  1. Облыстық мәслихаттың төрағасы Г.Р.Сүйінтаеваға жаңадан сайланған сайлау комиссиясының бірінші отырысын жеті күндік мерзімнен кешіктірмей шақыру ұсынылсын.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                     Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
03 января 2024