Ақтөбе облыстық мәслихатының
Ш Е Ш І М І
Ақтөбе қаласы №100 2023 жылғы 13 желтоқсан
|
Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №363 «Облыстық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы |
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 15-бабының 1-тармағының 5-3) тармақшасына және 43-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №363 «Облыстық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған шешіммен бекітілген облыстық жер комиссиясының дербес құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. СҮЙІНТАЕВА