Ақтөбе облыстық мәслихатының
Ш Е Ш І М І
Ақтөбе қаласы №96 2023 жылғы 13 желтоқсан
Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 27 шілдедегі №48 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 27 шілдедегі №48 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. СҮЙІНТАЕВА