(Кезекті 8-сессия) №79 Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы             10 шілдедегі №311 «Ақтөбе қаласында   теннис корттарын салу және пайдалану»  мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттеме қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы 

Ақтөбе облыстық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақтөбе қаласы                                  №                2023 жылғы 13 желтоқсан

 

Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы             10 шілдедегі №311 «Ақтөбе қаласында   теннис корттарын салу және пайдалану»  мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттеме қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 163-бабының             2-тармағына, 164-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру Қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі №175 «Жергілікті атқарушы органдардың 2017-2019 жылдарға арналған мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлкеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес және облыстық бюджеттік комиссиясының      2023 жылғы 27 қарашадағы №14 хаттамасының негізінде, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 шілдедегі №311 «Ақтөбе қаласында теннис корттарын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттеме қабылдау туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

         Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                      Г. СҮЙІНТАЕВА

 

Дата публикации
20 декабря 2023