Ақтөбе облыстық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақтөбе қаласы №77 2023 жылғы 13 желтоқсан
|
Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 1 наурыздағы №391 «Ақтөбе қаласында қалалық жедел шұғыл медициналық көмек бекетін салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 163-бабының 2-тармағына, 164-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12717 тіркелген, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру Қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 1 тамыздағы №5 «Жергілікті атқарушы органдардың 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17318 тіркелген бұйрығына сәйкес және Ақтөбе облысы әкімдігінің бюджеттік комиссиясы отырысының 2023 жылғы 27 қарашадағы №14 хаттамасының негізінде, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Жоғарыда көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Облыстық мәслихаттың төрағасы |
Г. СҮЙІНТАЕВА |