(Кезекті 8-сессия) №76 Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы   14 қаңтардағы №12 «Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                           №76                     2023 жылғы 13 желтоқсан

 

Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы   14 қаңтардағы №12 «Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы                 №,790 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 146 және 159-тармақтарына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 14 қаңтардағы №12 «Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары (бұдан әрі – Жоспар) осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Облыстық басқармалар:

Жоспарда белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы облыстық басқармалармен бірлесіп, белгіленген тәртіпке сәйкес Жоспардың іске асырылуын және мониторингін жүргізсін.

 

 

 

           Облыстық

мәслихаттың төрағасы

 

      Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
20 декабря 2023