Ақтөбе облыстық мәслихатының
Ш Е Ш І М І
Ақтөбе қаласы №72 2023 жылғы 18 қазан
Облыстық мәслихат депутаты Ә.Е.Құлдыбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 20-бабының 3-тармағының 7) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес және облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 3 қазандағы №47 ұсынымының негізінде, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Ақтөбе облысынан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуіне және басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Ақ жол» демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша облыстық мәслихат депутаты Әсия Еделбекқызы Құлдыбаеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. СҮЙІНТАЕВА