Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 қазанда мемлекеттік тіркеу тізіліміне №8407 болып енгізілген
Ақтөбе қаласы №61 2023 жылғы 29 қыркүйек
Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 2-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 тіркелген) бұйрығына сәйкес құрылатын еңбек ресурстарын болжау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларындағы сұранысқа ие мамандар.».
|
Облыстық мәслихаттың төрағасы |
|
Г. Суентаева |