(Кезекті 6-сессия) №55 Өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімінің есебі туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                             № 55              2023 жылғы 29 қыркүйек

 

Өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімінің есебі туралы

 

Өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімі А.Б.Шахаровтың есебін тыңдап және талқылап, облыс әкімінің облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдап жатқандығын облыстық мәслихат атап өтеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімі есебі бекітілсін.
  2. Облыс әкіміне келесідей бағыттар:

1) облыстың экономикалық өсімін орта республикалық деңгейде қамтамасыз ету;

2) өңдеу өнеркәсібін дамыту және жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындарда еңбек өнімділігін арттыру;

3) халықтың әл-ауқатын жақсарту, оның ішінде «Халықтың
табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді
жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру арқылы;

4) бюджетке түсімдердің жоспарланған көлемін орындау;

5) инфляцияның орташа жылдық деңгейін 7-8%-дан аспайтын
деңгейде қамтамасыз ету;

6) өңірге инвестициялар тарту;

7) шағын және орта бизнесті дамытуды жан-жақты қолдау;

8) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, оның ішінде ет, сүт және
астықты терең өңдеуді дамыту арқылы, сондай-ақ өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын дамыту арқылы;

9) облыстың елді мекендерін қажетті инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;

10) әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу;

11) білім беру және денсаулық сақтау салаларында көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

 

          Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                              Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
20 октября 2023