(Кезекті 6-сессия) №54 Облыстық мәслихаттың кезекті алтыншы сессиясы жалпы отырысының күн тәртібі туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                            №54                 2023 жылғы 29 қыркүйек

 

Облыстық мәслихаттың кезекті алтыншы сессиясы жалпы отырысының күн тәртібі туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

Облыстық мәслихаттың кезекті алтыншы сессиясы жалпы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:

 

  1. Өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімінің есебі туралы.

 

                              Баяндамашы: А.Б.Шахаров – облыс әкімі

 

  1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

 

                Хабарламашы: А.Б.Жарасбаев - құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы

 

  1. Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы.

 

Хабарламашы: С.Қ.Дүйсекенов  – табиғи ресурстар және

табиғатты пайдалануды реттеу

басқармасының басшысы

 

  1. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 24 ақпандағы №16 «Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 11 ақпандағы №281 «Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және I, II, III топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге және оларды ертіп жүрген адамдарға жол жүру төлемдері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Учаскелік комиссиялар туралы ережені келісу туралы.

 

  1. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 2 тамыздағы №455 «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  2. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №262 «Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын берудің Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Облыс әкімдігінің дербес құрамы туралы.
  4. №6 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – А.С.Өтегеновтің депутаттық сауалы туралы.
  5. №15 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – Е.И.Сисенбаевтың депутаттық сауалдары туралы.
  6. 12. Облыстық мәслихаттың келесі кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.

 

         Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                           Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
20 октября 2023