Депутаттық сауал Е. СИСЕНБАЕВ

Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы                             Ақтөбе облысының әкімі

29 қыркүйектегі сессиясында жарияланды                                     А.Б.Шахаровқа

 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

 

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Ауылды жандандырып, елдің жағдайын жақсарту үшін олардың өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізе алуы үшін екі ортада жолдың болғаны керек. Алайда бұл ауданда көптеген елді мекендер арасын жалғайтын жол сын көтермейді. Облыстық мәслихаттың депутаты ретінде өз сайлаушыларыммен кездесуге барған сайын көбіне көп көтеретін түйткілді  мәселелер осы екі жолға қатысты болады. 

Атап айтқанда:

  • Қаракемер – Ойыл бағытындағы көтерме жолға 12 км орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.
  • Ақшатау – Ойыл бағытындағы көтерме жолға 19,7 км-іне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Бұл екі учаске бойынша ЖСҚ дайын емес.
  • Ақкемер ауылына кіре беріс аудандық маңызы бар автомобиль жолы 0-12,7 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға қосымша 234,5 млн.теңге қаражат керек екен.
  • Шұбаршы ауылынан Атырау облысының шекарасына дейін аудандық маңызы бар IV санатты жаңа автомобиль жолын салу (0-17, 5 км) құрылыс жұмыстарының ЖСҚ-сы дайын, жоба құны 507,957 млн. теңге
  • Ойыл ауданының Ойыл ауылында аудандық маңызы бар жаңа айналма автокөлік жол құрылысының ЖСҚ-сы дайын, жоба құны 258,188 млн. теңге

Құрметті Асхат Берлешұлы! Сізден өзім сайланған №15 сайлау  округіне қарасты Ойыл ауданы тұрғындарының  талап-тілектерін ескеріп, Ойыл  ауданындағы жоғарыда көрсетілген учаскелері бойынша жолды салуға қажет қаражатты бөлуіңізді сұраймын.

 

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Сізден осы сауалды қарап, тиісті шаралар қабылдауыңызды сұраймын.     

Депутаттық сауалды қарау нәтижелері туралы заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша нысанда хабарлауды сұраймын.   

 

 

      Құрметпен,

Ақтөбе облыстық

мәслихатының депутаты                                                     Е. СИСЕНБАЕВ

Дата публикации
29 сентября 2023