Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы Ақтөбе облысының әкімі
29 қыркүйектегі сессиясында жарияланды А.Б.Шахаровқа
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Ақтөбе облысының Ойыл ауданында негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Ауылды жандандырып, елдің жағдайын жақсарту үшін олардың өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізе алуы үшін екі ортада жолдың болғаны керек. Алайда бұл ауданда көптеген елді мекендер арасын жалғайтын жол сын көтермейді. Облыстық мәслихаттың депутаты ретінде өз сайлаушыларыммен кездесуге барған сайын көбіне көп көтеретін түйткілді мәселелер осы екі жолға қатысты болады.
Атап айтқанда:
Құрметті Асхат Берлешұлы! Сізден өзім сайланған №15 сайлау округіне қарасты Ойыл ауданы тұрғындарының талап-тілектерін ескеріп, Ойыл ауданындағы жоғарыда көрсетілген учаскелері бойынша жолды салуға қажет қаражатты бөлуіңізді сұраймын.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Сізден осы сауалды қарап, тиісті шаралар қабылдауыңызды сұраймын.
Депутаттық сауалды қарау нәтижелері туралы заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша нысанда хабарлауды сұраймын.
Құрметпен,
Ақтөбе облыстық
мәслихатының депутаты Е. СИСЕНБАЕВ