Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы Ақтөбе облысының әкімі
29 қыркүйектегі сессиясында жарияланды А. Б. Шахаровқа
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Қобда ауданында 25 жалпы білім беретін мектепте 2590 бала білім алады. Ал білім мемекемелері жоқ немесе бастауыш және негізгі орта мектептері бар Көкүй - 1, Жарсай-2, Құрсай - 2, Қоғалы - 2, Ақсай - 2 деген елді мекендердегі балалар аудан ортылығында интернат болмағасын, таныстарын жағалап, әркімнің үйінде жатып оқуға мәжбүр.
Қобда ауданында бұдан бұрын Егіндібұлақ ауылындағы И.Құрманов атындаты орта мектеп жанындағы 60 оқушы жатып оқитын интернаты болған. Алайда ол интернаттың ғимараты 2022 жылдың 31 тамызынан бастап мүгедектігі бар азаматтарға арналған әлеуметтік оңалту орталығына берілген екен. Ал интернат тәрбиеленушілері Қобда ауылының Қобыланды батыр атындағы орта мектебі жанындағы бейімделген, ескі 14 орындық «Отбасы үлгісіндегі балалар үйінің ғимаратына көшірілген. Қазіргі таңда онда 14 бала тәрбиеленуде.
Интернатқа орналасуға ниет білдірген оқушылар болғанымен, бейімделген интернат ғимаратында орын жетпейді. Сондықтан тұрғындар аудан орталығы Қобда ауылынан 60 орындық интернат салынса деген өтініш- тілектерін білдірген еді.
Қобда ауылы аудан орталығынан 110 км қашықтықта орналаскан, жалпы білім беретін 3 мектеп, 3 мектепке дейінгі ұйым мен 2 қосымша білім беру мекемесі бар.
Интернат салынған жағдайда білім беру мекемелері жоқ, бастауыш және негізгі орта білім беру мекемелері жоқ ауылдардан жалпы саны 60-қа жуық оқушы камтылар еді деп жоспарланып, интернаттың ЖСҚ-сы әзірленген және мемлекеттік сараптамадан өткізілген.
Алайда интернат құрылысына тиісті қаражат бөлінбеген.
Құрметті Асхат Берлешұлы! Сізден өзім сайланған №15 сайлау округіне қарасты Қобда ауданы тұрғындарының талап-тілектерін ескеріп, Қобда ауданы орталығында интернат ғимаратын салуға қажет қаражатты бөлуіңізді сұраймын.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Сізден осы сауалды қарап, тиісті шаралар қабылдауыңызды сұраймын.
Депутаттық сауалды қарау нәтижелері туралы заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша нысанда хабарлауды сұраймын.
Құрметпен,
Ақтөбе облыстық
мәслихатының депутаты Е. СИСЕНБАЕВ