(кезектен тыс 5 сессиясы) №53 Аудан әкімдерін сайлау жөніндегі пилоттық өңірлердің тізбесі және сайлау күнін белгілеу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                              №53               2023 жылғы 12 қыркүйек

 

Аудан әкімдерін сайлау жөніндегі пилоттық өңірлердің тізбесі және сайлау күнін белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және облыс әкімінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі №01-3/6068 хатына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақтөбе облысының аудан әкімдерін сайлау жөніндегі пилоттық өңірлердің тізбесі бекітілсін:

          1) Ырғыз ауданы;

          2) Ойыл ауданы;

          3) Қобда ауданы.

  1. Аудан әкімдерін сайлау күні пилоттық режимде – 2023 жылғы 5 қараша болып белгіленсін.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                     Г. СҮЙІНТАЕВА  

Дата публикации
12 сентября 2023