Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы Ақтөбе облысының әкімі
05 шілдедегі сессиясында жарияланды Е.Л.Тоғжановқа
Депутаттық сауал
Құрметті Ералы Лұқпанұлы!
Менің депутаттық сауалым менің атыма сайлаушылардан және Байғанин ауданы Көкбұлак ауылының тұрғындарынан ұзақ уақыт бойы өз шешімін таппаған проблемалық мәселелер бойынша келіп түскен бірнеше рет өтініштермен байланысты.
2011-2012 жылдары салынған Кенкияк-Байганин газ құбыры ауылдын қасынан 200 метрдей
жерден өтіп жатыр. Ауылға еш пайдасы жок, ауыл тұрғындары пайдасын көрмейді. Ауыл аудан орталығынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан., Ауылда қәзiргі таңда орта мектеп пен кітапхана және мәдениет Yйi жұмыс жасап тур. Көкбұлак ауылында 7 шаруа қожалығы жұмыс жасайды олар шөппен және мал басын көбейту мен айналысып отырған ел. Газ тартылса, ауылдын мәдени тұрмыс-тіршілігі жақсарып, ауыл халкынын тұрактануына негіз болар еді. Себебі ауылда тұрғындардын көшу үдерісі жыл өткен сайын саны артып келеді. Ауылдын жағдайы газ тартылса жақсарады. «Ауыл аманаты» арнайы жобасынын аясында ауылдын көпшілік азаматтары кәсіп ашып жатыр. «Ауыл – алтын бесік» деген нақылға орай әр адамға өз туған ауылы ыстық. Ауылдардың тұрмысы түзелсе ауыл мәдениеті көтеріледі.
Ауылдағы мәдени мекемелердің бірі – мектеп.
Көкбұлак ауылында орта мектеп жумыс жасап тұр.
Көкбулак орта мектебі 1934 жылы ашылды. Осы Көкбулак ауылы тұрған жерде бұрын Көкбулак 7 жылдык мектеп болып ашылган. Онда 1953 жылға дейін ауданға белгілі көптеген ұстаздар жұмыс жасады. Жылдан жылға ауылда жас отбасылардын тұрақтауы сиреп келеді. Сол себепті мектепте оқушы саны азайып барады. Бул мәселені шешудін тікелей жолы ауылға газ кіргізу. Kaзipгi таңда ауылға газ тартылмаса ауылдағы негізгі мәдени ошақ мектеп уақыт өте келе жабылып қалуы мүмкін. Сонымен айтпағым ауылдын болашағы мектеп және ондағы оқушы санына тікелей байланысты.
Ауылымыздағы мектебіміз негізгі мектеп статусына өтсе көп ұзамай бастауыш мектепке айналуы мумкін. Халықтың азаюы ауылдын болашағы жоқ ауылдын тізіміне енуін тездетеді. Тағы бір айта кететін мәселе ауылымыздын мал шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлері отбасылы, балалары бар адамдарға жұмыс тауып беріп, еңбекақысын өздері төлеп беруге ниеттеніп отыр. Кәсіпкерлердін айтуынша отбасылы жас жанұялардын жұмыс жасауға келердегі бірінші талабы газы бар жер керек дегенді алға тартады.
Ауылға газ тартылса ауылға көптеген жас отбасылардын көшіп келіп, кәсіп ашуға ниет білдіріп отырғандар көптеп кезедесіп келеді. Басқа жерлер көріп жатқан игілікті істен ауылдын тыс қалуы көңілімізге кайау тусіреді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Сізден осы сауалды қарап, тиісті шаралар қабылдауыңызды сұраймын.
Депутаттық сауалды қарау нәтижелері туралы заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша нысанда хабарлауды сұраймын.
Құрметпен,
Ақтөбе облыстық
мәслихатының депутаты Е. СИСЕНБАЕВ