Депутаттық сауал А. САЙМОВ

Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы                              Ақтөбе облысының әкімі

05 шілдедегі сессиясында жарияланды                                          Е.Л.Тоғжановқа

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

 

Қазіргі уақытта қаламыздың 800-ден астам көпқабатты үйлердың ауласы, орташа және күрделі жөндеуді қажет етеді. Көптеген аулалар 20 жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген. Әсіресе Шанхай, Жилгородок, 8-ші, 11-ші, 12-ші мөлтек аудандары, қаланың ескі бөлігінің аулалары қайғылы жағдайда. Қазіргі уақытта аула жөндеу мәселесі, қоқыс шығару, нашар жолдармен қатар, ең өткір проблемалардың бірі. Өкінішке орай биыл тек 50 ауланың жөндеуы жоспарланған.
         Осыған байланысты сізден, аулалардың асфальт жабынын орташа жөндеу, және балалар алаңдарын орнату үшін 5-млрд. теңге сомасындағы қаражатты болуге ықпал етуін сұраймын. Бұл мәселені шешу арқылы біз 200 000-нан астам тұрғынның жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етеміз.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Сізден осы сауалды қарап, тиісті шаралар қабылдауыңызды сұраймын.     

Депутаттық сауалды қарау нәтижелері туралы заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша нысанда хабарлауды сұраймын.   

 

 

      Құрметпен,

Ақтөбе облыстық

мәслихатының депутаты                                                               А. САЙМОВ

 

 

Дата публикации
12 июля 2023