Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы Ақтөбе облысының әкімі
05 шілдедегі сессиясында жарияланды Е.Л.Тоғжановқа
Депутаттық сауал
Құрметті Ералы Лұқпанұлы!
Менің депутаттық сауалым он үш мыңға жуық халқы бар Мұғалжар ауданы Ембі қаласы тұрғындарының шағымынан туындап отыр. Атап айтсам, Шалқар-Ақтөбе бағытындағы жолаушылар тасымалдау пойызына жол жүру билеттерінің тапшылығы. Өйткені бүгінгі таңда қала тұрғындары пойыз билеттерінің жеткіліксіздігінен жолаушылар қызметінің мүмкіндігін толық пайдалана алмай отыр.
№ 6891 «Шалқар-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызы 5 вагон тіркемесімен 289 орынды қамтиды. Аптаның сейсенбі және бейсенбі күндерінен бөлек тәулік бойы жолаушыларды 31 бекет бойынша тасымалдауда. Бүгінгі таңда билет құны облыстық бюджеттен субсидиялау нәтижесінде басқа жолаушылар тасымалына қарағанда шамамен алпыс пайызға арзан. Бұл жолаушылар үшін жасалып отырған тиімді жағдай деп айтуға толық негіз бар. Оның үстіне автомобиль жолдарының бүгінгі жағдайына қарағанда теміржол жолаушылар тасымалдау қызметі тұрғындар үшін қауіпсіз болып табылады. Өйткені Жем-Ақтөбе бағытында қазірде 70- ке жуық көлік қызметі тәулігіне шамамен 400 жолаушыны тасымалдайды. Ал 200 шақырым жол жүру құны 2500 теңге. Қазіргі автомобиль жолдарының сапасы – халық тұрмысына және әлеуметтік жағдайына кедергі.
Оған қоса, жол сапасының сын көтермеуі себебі жол көлік апатына әкеліп соқтыруда. Мәселен, 2022 жылдың есебі бойынша 17 жол апаты тіркеліп, 6 адам қазақ тауып, 22 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Дәл осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында жергілікті кәсіпкер және Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты ретінде Жем станциясы қала статусындағы аймақ екенін ескере отырып, Ембі қаласынан Ақтөбеге дейін резервтік бір плацкарт вагон тіркемесін қосуды ұсынамын.
Аталған ұсыныс бойынша жылдық субсидия көлемі № 6891 «Шалқар-Ақтөбе» бағытындағы пойызға жауапты мекеме "САРЫ - АРКА КОМПАНИ" ЖШС бас атқарушы директоры Самсыбеков Ерік Амангелдіұлының берген ақпараты бойынша 54 440 000 теңгені құрайды.
Жоғарыда келтірілген деректерді ескере отырып, мәселенің оң шешімін табу мақсатында сізден қосымша белгіленген қаржыны бөлуге ықпал етуіңізді сұраймын.
Депутаттық сауалды қарау нәтижелері туралы заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша нысанда хабарлауды сұраймын.
Құрметпен,
Ақтөбе облыстық
мәслихатының депутаты Н. САРБАСОВ