Ақтөбе облыстық мәслихатының
Ш Е Ш І М І
Ақтөбе қаласы № 2023 жылғы 5 шілде
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс төртінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс төртінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
- Облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №158 «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Хабарламашы: Н.С.Мақсатов - экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының басшысы
- Ақтөбе қаласының бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) туралы.
Хабарламашы: Н.С.Алдияров – құрылыс, сәулет және
қала құрылысы басқармасының басшысы
- 3. Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 26 тамыздағы №69 «2021-2023 жылдары субсидиялауға жататын Ақтөбе қаласының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: А.Б.Бекет – Ақтөбе қаласының әкімі
- 4. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №351 «Ақтөбе облысының су объектілерінде жалпы су пайдалану қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы.
Хабарламашы: С.Қ.Дүйсекенов – табиғи ресурстар және
табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
- Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 2 тамыздағы №455 «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: Е.М.Мұздыбаев – энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы
- №17 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – К.Ш.Төлеуованың депутаттық сауалы туралы.
- №13 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – Н.Ж.Сарбасовтың депутаттық сауалы туралы.
- №3 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – А.А.Саймовтың депутаттық сауалы туралы.
- №5 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – С.А.Әліповтың депутаттық сауалы туралы.
Облыстық мәслихат
төрағасының міндетін атқарушы Н. МАХАМБЕТОВ