Облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 158
«2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 492 633 449,1 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 69 956 368,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 9 719 196 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 85 757 мың теңге;
трансферттер түсімі – 412 872 127,5 мың теңге;
2) шығындар – 505 928 226,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 21 264 067 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 27 236 974 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 5 972 907 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -34 558 844,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
34 558 844,3 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 27 093 189 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 5 111 714 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 12 577 369,3 мың теңге.»;
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша: Ақтөбе қаласы бойынша – 34 %, Байғанин ауданына – 50 %, Хромтау ауданына – 50 %, және Әйтеке би, Алға, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда, Шалқар аудандарына 100 %;»;
«2) әлеуметтік салық бойынша: Ақтөбе қаласы бойынша – 33 %, Байғанин ауданына – 50 %, Хромтау ауданына – 55 %, және Әйтеке би, Алға, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда, Шалқар аудандарына 100 %;»;
10-тармақта:
8) тармақша алынып тасталсын:
21) мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
«21) елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. 2023 жылға арналған облыстық бюджеттен аудандардың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге кредит беру көзделсін.
Аталған кредит беру сомаларын бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.»;
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Облыстың жергілікті атқарушы органының 2023 жылға арналған резерві 6 877 500 мың теңге сомасында бекітілсін.».
Облыстық мәслихат
төрағасының міндетін атқарушы Н. МАХАМБЕТОВ