«Ақтөбе облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 37 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Ақтөбе облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 37 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8303 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ақтөбе облысының ауылдық жеріне, кенттеріне және аудандық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне (берілген күні 3 (үш) жылдан аспайтын диплом алған жас мамандарға) әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі:

 әлеуметтік қолдау 3 000 000 (үш миллион ) теңге мөлшерінде бір жолғы төлем түрінде белгілеу жолымен айқындалсын.»;

көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін оны Ақтөбе облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Облыстық  мәслихаттың төрағасы

Г. Суентаева

Дата публикации
12 июля 2023