Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 17 мамырдағы № 39 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 17 мамырдағы № 39 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8305 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Ақтөбе облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы»;

шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін берілсін.»;

көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыстық  мәслихаттың төрағасы

Г. Суентаева

Дата публикации
12 июля 2023