|
Ақтөбе облысының әкімдігі Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Әбілқайыр хан даңғылы 40 2023 жылғы 9 маусымдағы № 154 |
Ақтөбе облыстық мәслихаты Ақтөбе қаласы 2023 жылғы 9 маусымдағы № 32 |
БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ
Ақтөбе қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру
және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 27-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына, Республикалық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі қорытындысына сәйкес, Ақтөбе қаласының тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Астана ауданы бойынша:
Атауы жоқ шағын ауданды Алтын орда шағын ауданына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын Сұлутөр тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын Арман тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын Байқадам тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын Көкжиде тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын Серпін тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын Парасат тұрғын үй алабына;
Алматы ауданы бойынша:
Атауы жоқ тұрғын үй алабын Сарайшық тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын Шаған тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын Жаңа ауыл тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын Аралтоғай тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын Ақсу тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын Шығыс тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын Байқоныс тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын Баянауыл тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын Жайсаң тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын Жақсымай тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын Шилісай тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын Жекенді тұрғын үй алабына;
Атауы жоқ тұрғын үй алабын Аймекен тұрғын үй алабына.
Астана ауданы бойынша:
Атауы жоқ көшеге Ақмоншақ көшесі;
Атауы жоқ көшеге Аңсар көшесі;
Атауы жоқ көшеге Ғабиден Мұстафин көшесі;
Атауы жоқ көшеге Қадыр Мырза Әлі көшесі;
Атауы жоқ көшеге Тұманбай Молдағалиев көшесі;
Атауы жоқ көшеге Жақып Ақбаев көшесі;
Атауы жоқ көшеге Ақтамберді жырау көшесі;
Атауы жоқ көшеге Бұхарбай батыр көшесі;
Атауы жоқ көшеге Қорқыт ата көшесі;
Атауы жоқ көшеге Есенбай Дүйсенбайұлы көшесі;
Атауы жоқ көшеге Әсет Найманбайұлы көшесі;
Атауы жоқ көшеге Спандияр Көбеев көшесі;
Атауы жоқ көшеге Ғарифолла Құрманғалиев көшесі;
Атауы жоқ көшеге Мәлік Ғабдуллин көшесі;
Атауы жоқ көшеге Тәуекел хан көшесі;
Атауы жоқ даңғылға Алаш даңғылы;
Алматы ауданы бойынша:
Атауы жоқ көшеге Сапура Мәтенқызы көшесі;
Атауы жоқ көшеге Бопай ханым көшесі;
Атауы жоқ көшеге Сәрке батыр көшесі;
Атауы жоқ көшеге Шәкен Ниязбеков көшесі;
Атауы жоқ көшеге Мейірім көшесі;
Атауы жоқ көшеге Терісаққан көшесі;
Атауы жоқ көшеге Әзілхан Нұршайықов көшесі;
Атауы жоқ көшеге Рафика Нұртазина көшесі;
Атауы жоқ көшеге Жас өркен көшесі;
Атауы жоқ көшеге Шахмұрат Құлыбеков көшесі;
Атауы жоқ көшеге Зейнолла Қабдолов көшесі;
Атауы жоқ көшеге Қоскүмбез көшесі;
Атауы жоқ көшеге Мақсот Құсайынов көшесі;
Атауы жоқ көшеге Хақназар хан көшесі;
Атауы жоқ көшеге Ырыс көшесі;
Атауы жоқ көшеге Асылтас көшесі;
Атауы жоқ көшеге Елмұра көшесі;
Атауы жоқ көшені Мерейлі көшесі;
Атауы жоқ көшеге Көкмайса көшесі;
Атауы жоқ көшеге Жасыл желек көшесі;
Атауы жоқ көшеге Желтау көшесі;
Атауы жоқ көшеге Қырмызы көшесі;
Атауы жоқ көшеге Жас қанат көшесі;
Атауы жоқ көшеге Сәттілік көшесі;
Атауы жоқ даңғылға Жалаңтөс батыр даңғылы.
Астана ауданы бойынша:
Московский көшесін Сайым Балмұқанов көшесіне;
Первомайский көшесін Ізтай Мәмбетов көшесіне;
Пожарский көшесін Өтеген Тұрмағамбетов көшесіне;
Снайперский көшесін Нәби Жақсыбаев көшесіне;
Советский көшесін Қажығали Мұханбетқалиұлы көшесіне;
Комсомольский көшесін Баян батыр көшесіне;
Почтовый көшесін Рамазан Нұржанов көшесіне;
Победа даңғылын Жеңіс даңғылына;
Фестиваль көшесін Мұқан Төлебаев көшесіне;
Павлик Морозов көшесін Мәди Бәпиұлы көшесіне;
Ленин көшесін Баубек Бұлқышев көшесіне;
Торговый тұйық көшесін Тобылғы тұйық көшесіне;
Вагонный көшесін Айгөлек көшесіне;
Больничный көшесін Хамит Ерғалиев көшесіне;
Спортивный көшесін Спортшылар көшесіне;
Новокооперативная көшесін Рәбиға Сыздық көшесіне;
Алматы ауданы бойынша:
Солнечный көшесін Қолғанат Тоқбаев көшесіне;
Родниковский көшесін Бұқар жырау көшесіне;
Степной көшесін Сары Батақұлы көшесіне;
Кленовый көшесін Ойыл көшесіне;
Северный көшесін Кенен Әзірбаев көшесіне;
Машиностроителей көшесін Сарышолақ Боранбайұлы көшесіне;
Элеваторный көшесін Ақтоғай көшесіне;
Мебельный көшесін Ақ желкен көшесіне;
Новороссийский көшесін Сегізбай Қалыбекұлы көшесіне;
8 март көшесін 8 наурыз көшесіне;
Геологический көшесін Геологтар көшесіне;
Полевой көшесін Өлке көшесіне;
Пожарный көшесін Саралжын көшесіне;
Студенческий көшесін Студенттер көшесіне;
40 лет Победы көшесін Балдәурен көшесіне;
Взрывпром көшесін Аяққұм көшесіне;
Фучик көшесін Толқын көшесіне;
Линейный көшесін Көркем көшесіне;
Дачный көшесін Бақшалы көшесіне;
Жалаңтөс Баһадүр көшесін Тәңірберген Молдабай көшесіне;
Астана ауданы Қ.Сәтпаев көшесін Қаныш Сәтбаев көшесіне;
Алматы ауданы Т.Н.Шевченко көшесін Тарас Шевченко көшесіне.
Облыс әкімі Е. ТОҒЖАНОВ
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. СҮЙІНТАЕВА
|
Ақтөбе облысының әкімі
|
Е. Тугжанов
|
|
Облыстық мәслихаттың төрағасы
|
Г. Суентаева
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 16.06.2023
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 8362 болып енгізілді
Результаты согласования
Актюбинский областной маслихат - Руководитель аппарата Тимур Владимирович Айткалиев, 14.06.2023 12:13:05, положительный результат проверки ЭЦП
Актюбинский областной маслихат - Председатель областного маслихата Гулкасима Рамазановна Суентаева, 14.06.2023 12:19:11, положительный результат проверки ЭЦП
Акимат Актюбинской области - Главный инспектор Алия Маратовна Ахметалина, 14.06.2023 12:48:20, положительный результат проверки ЭЦП