(3-сессия) №36 «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы»  мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                                        №36                  2023 жылғы «09» маусым

 

 

«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» 

мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

      

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 49-бабы 1-тармағына, «Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 Жарлығына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына және  Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы №11-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы Үлгілік ережеге сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
  2. Облыстық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 05 маусымдағы №538 «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы шешімі.

2) облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 11 тамыздағы №58 «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 05 маусымдағы №538 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі.

  1. Осы шешім қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

        

 

 

 Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                             Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
12 июля 2023