(3-сессия) №34 Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы14 қаңтардағы №370 «Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                            №34                     2023 жылғы «09» маусым

 

Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы                14 қаңтардағы №370 «Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының              2023 жылғы 30 қаңтардағы №30/703 қаулысына және Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 3 мамырдағы №435 хатына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

 

  1. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 14 қаңтардағы №370 «Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

 

комиссия құрамына сайлансын және енгізілсін:

 

НҰРЖІГІТ

Шыңғыс Сейдахметұлы

«Respublica партиясы» ҚБ Ақтөбе облыстық филиалынан

 

 

          құрамнан Альтаир Бақтыбайұлы Әліпов шығарылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

        Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                    Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
12 июля 2023