Ақтөбе облысы әкімдігі мен облыстық мәслихаттың
бірлескен ҚАУЛЫСЫ және ШЕШІМІ
Ақтөбе қаласы №32 2023 жылғы «09» маусым
Ақтөбе облысының кейбір білім беру ұйымдарын қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес, төменде көрсетілген білім беру ұйымдары ұжымдарының ұсыныстарын ескере отырып, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссияның қарауына мынадай ұсыныстар енгізілсін:
келесі мемлекеттік білім беру мекемелерінің атауы:
1) «Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Калиновка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бесқұдық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) «Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Просторный бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жазық бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) «Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Калиновка ауылындағы бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жерұйық бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
Облыс әкімі Е. ТОҒЖАНОВ
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. СҮЙІНТАЕВА