(3-сессия) №31 Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы                                       11 желтоқсандағы №494 «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе облыстық консультативтік-диагностикалық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының филиалын күрделі жөндеу», «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№2 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жылыту жүйесін күрделі жөндеу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Ақтөбе қаласы                            №31                       2023 жылғы «09» маусым

 

Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы                                       11 желтоқсандағы №494 «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе облыстық консультативтік-диагностикалық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының филиалын күрделі жөндеу», «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№2 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жылыту жүйесін күрделі жөндеу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 163-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12717 тіркелген, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру Қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 23 мамырдағы №41 «Жергілікті атқарушы органдардың 2019-2021 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18728 тіркелген бұйрығына сәйкес және Ақтөбе облысы әкімдігінің бюджеттік комиссиясы  отырысының                  2022 жылғы 12 желтоқсандағы №14 хаттамасының негізінде, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №494 «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе облыстық консультативтік-диагностикалық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының филиалын күрделі жөндеу», «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№2 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жылыту жүйесін күрделі жөндеу» мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы» шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

Жоғарыда көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Облыстық

мәслихаттың төрағасы

 

Г. СҮЙІНТАЕВА

                                                                          

 

Дата публикации
12 июля 2023