Ақтөбе облыстық мәслихатының
Ш Е Ш І М І
Ақтөбе қаласы №28 2023 жылғы «09» маусым
|
Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №363 «Облыстық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 15-бабының 1-тармағының 5-3) тармақшасына және 43-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №363 «Облыстық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, облыстық жер комиссиясының ережесінде:
13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жер қатынастары саласындағы комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.».
Көрсетілген шешіммен бекітілген, облыстық жер комиссиясының дербес құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. СҮЙІНТАЕВА