(3-сессия) №27 Ақтөбе облысының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                               №27              2023 жылғы «09» маусым

 

Ақтөбе облысының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы

 

           Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының                            12) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақтөбе облысының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 25 мамырдағы №132 «Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

          Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                  Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
12 июля 2023