(3-сессия) №23 Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 27 шілдедегі №48 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

 

Ақтөбе қаласы                            № 23                      2023  жылғы  «09 »  маусым

 

 

Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 27 шілдедегі №48 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан  Республикасы  Заңының 6-бабының       1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

 Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 27 шілдедегі №48 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

 

 

        Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                      Г. СҮЙІНТАЕВА                                                                       

Дата публикации
12 июля 2023