Ақтөбе облыстық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақтөбе қаласы №18 2023 жылғы «09» маусым
2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс әкімдігінің есебі
«2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы» облыстың қаржы басқармасының басшысы Н.А.Өнербаевтың, Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Кенжиннің және облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының қорытындысын тыңдап, облыстық мәслихат, 2021 жылғы 9 желтоқсанда бекітілген және 2022 жылдың бюджетін атқару барысында нақтыланған «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың шешімі, нақтыланған көрсеткіштерден кірістер бойынша 102,1 пайызға, алынған нысаналы трансферттер бойынша 100 пайызға орындалды.
2022 жылғы облыстық бюджеттің шығыс бөлігі 99,0 пайызға игерілді, түзетумен жоспарланған 429 297 081,5 мың теңгеден 425 207 023,2 мың теңгеге игерілді.
Осыдан басқа, республикалық бюджеттен жалпы сомасы 143 033 483,4 мың теңге нысаналы трансферттер бөлінді, соның ішінде, әлеуметтік қамту нысандарын салуға, газ тасымалдау жүйесін, инженерлік, көліктік, әлеуметтік, индустриялық инфрақұрылымды дамытуға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға, коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және реконструкциялауға, коммуналдық тұрғын үй қорының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту, білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдеріне, азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға, орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға, дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге, субсидиялауға асыл тұқымды мал шаруашылығын, басым дақылдарды дамыту, нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуға, атаулы әлеуметтік көмек төлеуге бөлінді.
Республикалық бюджеттен ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтауға, мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға, кондоминиум нысандарының ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге бюджеттік несиелер бөлінді.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджеттік кодексінің 130-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) және 9-1) тармақшаларына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1) бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдердің түсуін толық қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандыру, сонымен қатар облыстық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуына ай сайынғы мониторингті және талдауды жүзеге асыру;
2) тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізе отыра бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалану бойынша бақылауды күшейту;
3) бюджеттік қаражаттарды басқару бойынша мемлекеттік мекемелердің қызметінің тиімділігін бағалаудың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету;
4) шығыстарды сапалы жоспарлауды және бюджет бағдарламаларын орындауды қамтамасыз ететін, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларының жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау ұсынылсын.
1) есептік кезеңге бюджет қаражатын қамту көлемін ұлғайтуды қарастыратын қадағалау шараларының тиімділігін арттыру;
2) бақылауды күшейту және әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану арқылы аудит қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің мүлтіксіз және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;
3) Тексеру комиссиясының тапсырмалар мен ұсынымдарды орындау бойынша қабылдаған шешімі туралы (алу, ұзарту туралы) оларды хабардар ету бойынша аудит объектілерімен кері байланысты қамтамасыз ету.
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. СҮЙІНТАЕВА