(3-сессия) Облыстық мәслихаттың кезекті үшінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібі туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                            № 17                    2023 жылғы «09» маусым

 

Облыстық мәслихаттың кезекті үшінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

Облыстық мәслихаттың кезекті үшінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:

  1. 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс әкімдігінің есебі.

          1.1. 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы және әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы облыс әкімдігінің баяндамасы.

                              Баяндамашы: Н.А.Өнербаев - қаржы

басқармасының басшысы

          1.2. 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша Тексеру комиссиясының баяндамасы.

                           Баяндамашы: Қ.Ы.Кенжин - Ақтөбе облысы бойынша

                                                                   Тексеру комиссиясының төрағасы

1.3. 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның қорытындысы.

                    Хабарламашы: Н.Ж.Махамбетов – облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі

тұрақты комиссиясының төрағасы

  1. Облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 17 тамыздағы №150 «Ақтөбе облысы бойынша 2022-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  2. Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №235 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. 4. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №351 «Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Хабарламашы: С.Қ.Дүйсекенов – табиғи ресурстар және

табиғатты пайдалануды реттеу

басқармасының басшысы       

  1. 5. Ақтөбе облысын басқару схемасын бекіту туралы.
  2. Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 27 шілдедегі №48 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

7 Ақтөбе облысындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы.
  2. Облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 25 мамырдағы №131 «Ақтөбе облысының терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерісер енгізу туралы.
  3. Ақтөбе облысының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
  4. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №363 «Облыстық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 17 мамырдағы №37 «Ақтөбе облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 17 мамырдағы №39 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  7. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №494 ««Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе облыстық консультативтік-диагностикалық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының филиалын күрделі жөндеу», «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№2 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жылыту жүйесін күрделі жөндеу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Р.Қ.Исаев – денсаулық сақтау

 басқармасының басшысы

  1. Ақтөбе облысының кейбір білім беру ұйымдарын қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы.
  2. Ақтөбе қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы.

Хабарламашы: М.А.Жанасова – тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы     

  1. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 14 қаңтардағы №370 «Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №175 «Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.
  4. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 11 сәуірдегі №283 ««Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. Ақтөбе облыстық мәслихатының Регламенті туралы.
  6. Қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері жөніндегі депутаттық топты тіркеу туралы.
  7. 23. Облыстық мәслихаттың келесі кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
  8. №4 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат - Қ.Қ.Сабырдың депутаттық сауалы туралы.

         Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                           Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
12 июля 2023