Облыстық мәслихат сессиясында жарияланды Ақтөбе облысының әкіміне
2023 жылғы 9 маусым Е.Л.Тоғжанов
Депутаттық сауал
Құрметті Ералы Лұқпанұлы!
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында онкологиялық аурулармен есепте 8,5 мыңнан астам тұрғын тұр, жыл сайын жаңа жағдайлардың өсуі жылына 1800 пациентті құрайды. Осылайша, алдағы жылдары қатерлі аурулармен ауыратын науқастардың проблемалары үдемелі түрде өсетін болады, бұл онкологиялық қызметтің материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетін нығайту жөнінде шаралар қабылдауды талап етеді.
Қазіргі уақытта Республикада 2023-2025 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар әзірленуде. М. Оспанов атындағы БҚМУ Медициналық орталығының ғимараты 1983 жылы салынған, көптеген өлшемдер бойынша қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейді және қайта құру мен күрделі жөндеуді, медициналық жабдықтар мен коммуникацияларды жаңартуды қажет етеді. Медицина университеті осы жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттарын және қажетті жабдықтардың тізімін әзірледі.
ҚР-дағы онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесін жеке бақылауға алуыңызды сұраймыз.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Сізден осы сауалды қарап, тиісті шаралар қабылдауыңызды сұраймын.
Құрметпен, Ақтөбе облыстық мәслихаттың депутаттары
К. САБЫР
Г. СУЕНТАЕВА
А. ДЮСЕНОВА
К. АЙДАРХАНОВА
А. НУРКЕЕВА