Ақтөбе облыстық мәслихатының
Ш Е Ш І М І
Ақтөбе қаласы № 9 2023 жылғы 30 наурыз
«Ақжол» демократиялық партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 21-2-бабының 1, 2 және 4-тармақтарына, облыстық мәслихаттың Регламентінің 55 және 56-тармақтарына сәйкес және «Ақжол» демократиялық партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаттарының арызы негізінде, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Облыстық мәслихатта «Ақжол» демократиялық партиясының депутаттық фракциясы тіркелсін.
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. СҮЙІНТАЕВА