|
АБАЙ ОБЛЫСЫ АҚСУАТ АУДАНЫ МӘСЛИХАТЫ |
МАСЛИХАТ РАЙОНА АКСУАТ ОБЛАСТИ АБАЙ |
|
|
ШЕШІМ |
|
РЕШЕНИЕ |
2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 39/1-VIIІ
Ақсуат ауылы село Аксуат
Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясының күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11, 19 баптарына сәйкес, Ақсуат ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылады.
1) Ақсуат ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы.
Ақсуат ауданы
мәслихатының төрағасының
уақытша міндетін атқарушы Д.Рахымбаев