2025 жылғы 22 қазандағы №34/1-VIIІ Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясының күн тәртібі туралы

АБАЙ ОБЛЫСЫ

АҚСУАТ АУДАНЫ

МӘСЛИХАТЫ

 

 МАСЛИХАТ РАЙОНА

 АКСУАТ

ОБЛАСТИ АБАЙ

ШЕШІМ

 

 

РЕШЕНИЕ

 

2025 жылғы 22 қазандағы                         №34/1-VIIІ

               

                   Ақсуат ауылы                                                                                             село Аксуат

 

 

Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезектен тыс

                        отыз төртінші сессиясының күн тәртібі туралы

 

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11, 19 баптарына сәйкес, Ақсуат ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

         Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз төртінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылады.

  1. Абай облысы Ақсуат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 25/2-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Ақсуат ауданы Ақсуат ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Абай облысы Ақсуат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 25/3-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Ақсуат ауданы Екпін ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Абай облысы Ақсуат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 25/5-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Ақсуат ауданы Көкжыра ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Абай облысы Ақсуат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 25/6-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Ақсуат ауданы Құмкөл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Абай облысы Ақсуат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 25/7-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Ақсуат ауданы Қызыл кесік ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Абай облысы Ақсуат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 25/8-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Ақсуат ауданы Ойшілік ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  7. Абай облысы Ақсуат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 25/9-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Ақсуат ауданы Сатпаев ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  8. Абай облысы Ақсуат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 25/10-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Ақсуат ауданы Ырғызбай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Әбілбеков Арман Төлеуғазыұлы- аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. Әртүрлі мәселелер.

1) Ақсуат  ауданы бойынша қоғамдық кеңестің құрамын және ережесін бекіту туралы;

Хабарламашы: Нұғиев Ғалымжан Жанарбекұлы- аудандық Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының төрағасы.

2) Ақсуат ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы;

 

Ақсуат ауданы

мәслихатының төрағасы                                                                   Ж.Оразғалиев

 

 

2025 жылғы 22 қазандағы №34/1-VIIІ Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясының күн тәртібі туралы
Дата публикации
13 ноября 2025