|
АБАЙ ОБЛЫСЫ АҚСУАТ АУДАНЫ МӘСЛИХАТЫ |
МАСЛИХАТ РАЙОНА АКСУАТ ОБЛАСТИ АБАЙ |
|
|
ШЕШІМ |
|
РЕШЕНИЕ |
2025 жылғы 16 шілдедегі № 30/1-VIIІ
Ақсуат ауылы село Аксуат
Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезекті
отызыншы сессиясының күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11, 19 баптарына сәйкес, Ақсуат ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың кезекті отызыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылады.
Хабарламашы: Ескендіров Ерсін Кәдірбекұлы – Ақсуат ауданы әкімі.
Хабарламашы: Нығызбаев Гульмира Қайсақызы – аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы.
Хабарламашы: Ахметов Серік Таупихұлы - аудандық ауыл шаруашылығы,
жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
Хабарламашы: Құрманғазы Ербол Құрманғазыұлы – Құмкөл ауылдық округінің әкімі.
1) «2025-2027 жылдарға арналған Ақсуат ауданының бюджеті туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы Ақсуат аудандық мәслихатының № 24/2-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
Хабарламашы: Абілбеков Арман Төлеуғазыұлы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2) Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 15/2-VIII «Ақсуат ауданының мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша, округтік сайлау комиссияларының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/5-VIII «Ақсуат ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Ақсуат ауданы бойынша 2025 – 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы;
5) Ақсуат ауданының әкімшілік аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы.
Ақсуат ауданы
мәслихатының төрағасы Ж.Оразғалиев