2025 жылғы 31 наурыздағы № 26/1-VIIІ Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясының күн тәртібі туралы

АБАЙ ОБЛЫСЫ

АҚСУАТ АУДАНЫ

МӘСЛИХАТЫ

 

 МАСЛИХАТ РАЙОНА

 АКСУАТ

ОБЛАСТИ АБАЙ

ШЕШІМ

 

 

РЕШЕНИЕ

 

2025 жылғы 31 наурыздағы              № 26/1-VIIІ

 

                Ақсуат ауылы                                                                                                село Аксуат

 

Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезекті

жиырма алтыншы сессиясының күн тәртібі туралы

 

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11, 19 баптарына сәйкес, Ақсуат ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

         Аудандық мәслихаттың кезекті жиырма алтыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылады.

  1. 2024 жылғы Ақсуат ауданының бюджеттің орындалуы туралы есебі.

Хабарламашы: Бекбаев Жастілек Нұрахметұлы - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

         2024 жылы Ақсуат ауданының бюджетінің орындалуы туралы Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясының жылдық есебі (қорытынды);

         Хабарламашы: Өміртаев Асыл Аманғалиұлы - Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.

  1. 2024 жылғы Ақсуат ауылдық округі бойынша бюджеттің орындалуы туралы есебі.

       Хабарламашы: Иманбеков Мэлс Бақтығалиұлы – Ақсуат ауылдық округі әкімі.

  1. 2024 жылғы Екпін ауылдық округі бойынша бюджеттің орындалуы туралы есебі.

         Хабарламашы: Қараталов Айбек Найманғазыұлы – Екпін ауылдық округінің әкімі.

  1. 2024 жылғы Кіндікті ауылдық округі бойынша бюджеттің орындалуы туралы есебі.

         Хабарламашы: Бұлантаев Айдарбек Арғынбекұлы– Кіндікті ауылдық округі әкімі.

  1. 2024 жылғы Көкжыра ауылдық округі бойынша бюджеттің орындалуы туралы есебі.

         Хабарламашы: Ортбаева Нұржауған Ғабдылманапқызы – Көкжыра ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы.

  1. 2024 жылғы Құмкөл ауылдық округі бойынша бюджеттің орындалуы туралы есебі.

         Хабарламашы: Құрманғазы Ербол Құрманғазыұлы– Құмкөл ауылдық округінің әкімі.

  1. 2024 жылғы Қызыл кесік ауылдық округі бойынша бюджеттің орындалуы туралы есебі.

         Хабарламашы: Мазенов Өмірбек Балтабекұлы- Қызыл кесік ауылдық округінің әкімі.

  1. 2024 жылғы Ойшілік ауылдық округі бойынша бюджеттің орындалуы туралы есебі.

         Хабарламашы: Маселов Тілек Еркінғазыұлы – Ойшілік ауылдық округінің әкімі.

  1. 2024 жылғы Сәтпаев ауылдық округі бойынша бюджеттің орындалуы туралы есебі.

         Хабарламашы: Ерзатов Алмас Ерзатұлы – Сәтпаев ауылдық округінің әкімі.

  1. 2024 жылғы Ырғызбай ауылдық округі бойынша бюджеттің орындалуы туралы есебі.

 Хабарламашы: Боранжанов Болат Қоңырбекұлы - Ырғызбай ауылдық округінің әкімі.

  1. Ойшілік ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасының орындалуы және 2024-2025 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі.

         Хабарламашы: Маселов Тілек Еркінғазыұлы – Ойшілік ауылдық округінің әкімі.

  1. Аудандағы суармалы жерлерді тиімді пайдалану және көктемгі егіс жұмыстарының дайындығы туралы.

         Хабарламашы: Ахметов Серік Таупихұлы- аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

  1. Ақсуат аудандық мәслихат төрағасының 2024 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы.

         Хабарламашы: Оразғалиев Жандос Қанатұлы – Ақсуат аудандық мәслихатының төрағасы.

  1. Әртүрлі мәселелер.
  • Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/5-VIII «Ақсуат ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  • Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 15/2-VIII «Ақсуат ауданының мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша, округтік сайлау комиссияларының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.                                                                                                                                                                                                                                                                                    
  • Ақсуат ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығармаларын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы.
  • Ақсуат аудандық жер комиссиясының құрамын және жер комиссиясы туралы үлгі ережесін бекіту туралы.

 

Ақсуат ауданы

мәслихатының төрағасы                                                                   Ж.Оразғалиев

2025 жылғы 31 наурыздағы № 26/1-VIIІ Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясының күн тәртібі туралы
Дата публикации
16 апреля 2025