Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясының күн тәртібі туралы

АБАЙ ОБЛЫСЫ

АҚСУАТ АУДАНЫ

МӘСЛИХАТЫ

 

 МАСЛИХАТ РАЙОНА

 АКСУАТ

ОБЛАСТИ АБАЙ

ШЕШІМ

 

 

РЕШЕНИЕ

 

2024 жылғы 25 желтоқсандағы       № 24/1-VIIІ

 

                Ақсуат ауылы                                                                                                село Аксуат

 

 

Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясының күн тәртібі туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11, 19 баптарына сәйкес, Ақсуат ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

         Аудандық мәслихаттың кезекті жиырма төртінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылады.

  1. 2025-2027 жылдарға арналған Ақсуат ауданының бюджеті туралы.

                 Хабарламашы: Бекбаев Жастілек Нұрахметұлы- аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  атқарған жұмыстары туралы.

         Хабарламашы: Кенжин Мейіржан Тоқтарбекұлы- аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысы.

  1. Ақсуат аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы.

         Хабарламашы: Дәуренбекұлы Мирас- аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

  1. Қызыл Кесік ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасының орындалуы  және 2024 жылы  атқарған жұмыстары  туралы есебі.

Хабарламашы: Мазенов Өмірбек Балтабекұлы – Қызыл Кесік ауылдық округінің әкімі.

  1. Әртүрлі мәселелер.

1) Ақсуат ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы.

          2) Ақсуат ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.

3) Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы                   № 11/5-VIII «Ақсуат ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

        

4) Ақсуат ауданы мәслихатының 2025 жылға арналған сессияларының,  тұрақты комиссияларының жұмыс жоспары.

5) «Ақсуат аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің

құрылымы мен штатын бекіту туралы.

          6) «Ақсуат ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»

 

 

Ақсуат ауданы

мәслихатының төрағасы                                                                   Ж.Оразғалиев

Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясының күн тәртібі туралы
Дата публикации
09 января 2025