Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихаты сайлау комиссияларының құрамына өзгеріс енгізу  туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихаты сайлау комиссияларының құрамына өзгеріс енгізу  туралы ХАБАРЛАМАСЫ

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихаты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамына 1 мүше және № 177 сайлау учаскесінің құрамына 1 мүше, № 180 сайлау учаскесінің құрамына 1 мүше, №186 сайлау учаскесінің құрамына 1 мүше өзгеріс еңгізу туралы хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды

Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатын комиссиядан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2024 жылғы 25 шілдеден бастап  мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді;

3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші;

Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге. Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында қарастырылған сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның еңбеккерлері болмауы тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары (қыз асырап алушылары), асырап алған балалары (қыздары), туған және туған емес ағалары мен әпкелері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (зайыбы) кіре алмайды. 

Мәслихатқа қағаз нысанда ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2024 жылғы 25 шілдеде басталады дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

 

Ақсуат ауданы мәслихаты

Оразғалиев Жандос Қанатұлы – Ақсуат ауданы мәслихатының .төрағасы

Мәслихаттың орналасқан жері: Ақсуат ауылы, Кәбеков к-сі, 17

Жауапты адам – Түсіпбеков Рауан Дүйсетұлы, қалааралық телефон коды (872346), қызметтік 2-20-11, ұялы 87759984904 телефон, факс 2-20-11 нөмірлері, электрондық почта мекен-жайы maslihataksuat108@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 шілдедегі № 17/1-VIIІСегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезекті он жетінші сессиясының күн тәртібі туралы
Дата публикации
25 июля 2024