2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/6-VIIІ шешім
Ақсуат ауданы мәслихатының
2024 жылға арналған жұмыс
жоспары, тұрақты комиссияларының
жұмыс жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 8 бабының 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Ақсуат ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
- Ақсуат ауданы мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары 1- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Депутаттық өкілеттік, этика, заңдылықтар және денсаулық сақтау, әлеуметтік мәселелер, бюджет, экономикалық реформалар жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспары 2- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Ауыл шаруашылығы, ветеринария, агроөнеркәсіп кешені, шағын және орта бизнес, кәсіпкерлік, құрылыс, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспары 3 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақсуат ауданы
мәслихатының төрағасы Ж.Оразғалиев