2023 жылғы 26 желтоқсандағы 11/4-VIIІ
Ақсуат ауылы село Аксуат
Ақсуат аудандық
жер комиссиясының
құрамын және комиссия
туралы ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 15-бабы 1-тармағының 5-3) тармақшасына, 43-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына, Аудан әкімдігінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы «Жер комиссиясын құру туралы» № 435 қаулысына сәйкес, Ақсуат ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
- Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Жер комиссиясының тұрақты қатысатын мүшелері бекітілсін.
- Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ақсуат аудандық жер комиссиясы туралы ереже бекітілсін.
- Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес жер учаскесі округ аумағында орналасқан жағдайда, ауылдық округ әкімдері, жергілікті халық өкілдері жер комиссиясының құрамына кіргізілсін.
- Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақсуат ауданы
мәслихатының төрағасы Ж.Оразғалиев
2
Ақсуат аудандық мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 11/4-VIII шешіміне 1- қосымша
Жер комиссиясының тұрақты қатысатын мүшелері
|
1. Мауадинов Қайрат
Муратказенович
2. Сербатыров Бейбит
|
Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Ақсуат аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы
|
|
3. Смагулов Серикбек
Сакенбекович
|
Ақсуат аудандық сәулет, құрылыс тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
|
|
4. Байтилеуов Ақас
|
Зейнеткер (келісім бойынша)
|
|
5. Нугиев Ермек
Кенжебекович
|
Абай облысы кәсіпкерлер палатасының Ақсуат ауданының филиалы директоры
(келісім бойынша)
|
|
6. Тарпанбай Саят Лензатулы
|
"Бархытбел-несие" Несие Серіктестігі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігің заңгері, Ақсуат аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)
|
|
7. Құрманғажиев Ерсұлтан
|
Жеке кәсіпкер (келесім бойынша)
|
|
8. Адилов Гадылбек Нурышович
9. Екпін Ерсін Екпінұлы
Ахметов Серик Таупикович
|
Зейнеткер (келісім бойынша)
«Еркем-Ай» шаруа қожалығының басшысы
(келісім бойынша)
Ақсуат аудандық ауыл шаруашылығы, қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы
|
3
Ақсуат ауданы мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 11/ 4-VIII шешіміне 2- қосымша
Жер комиссиясы туралы үлгі ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Жер комиссиясы туралы үлгі ереже (бұдан әрі – Үлгі ереже) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
- Жер комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумағында құзыреті шегінде тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өзінің жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
- Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
2-тарау. Комиссияның функциялары мен құқықтары
- Комиссияның функциялары жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындылар дайындау болып табылады.
- Комиссия өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан жер учаскесінің бары немесе жоғы туралы, жер учаскесіне ауыртпалық туралы, заңды тұлғалардың жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі бары немесе жоғы туралы, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің пайдаланылу режимі туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.
3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
- Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
- Комиссия құрамы Кодекстің 43-бабына сәйкес айқындалады.
- Комиссия төрағасы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің жер мәселеріне жетекшілік ететін орынбасары болып табылады.
- Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы Үлгі ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
- Комиссия төрағасы:
1) отырысты шақырады;
4
2) Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
3) Комиссияның жұмысын жоспарлайды;
4) Комиссия отырыстарына төрағалық етеді.
- Комиссия мүшелері:
1) ұсынылған материалдармен танысады;
2) Комиссия отырысында қаралуы тиіс мәселелерді қарайды және тиісті шешім шығаруға қатысады;
3) отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттігін басқа адамға бермейді.
- Комиссия хатшысы:
1) Комиссия отырысының күн тәртібін жасайды;
2) Комиссия мүшелеріне Комисия отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлайды;
3) отырысты өткізуге қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асырады, комиссия отырысының хаттамасын және комиссия отырысының қорытындысын ресімдейді;
4) Комиссия мүшесі болып табылмайды.
- Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары саласындағы тиісті уәкілетті органы Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады.
Комиссия хатшысының міндеттері Жұмыс органының маманына жүктеледі.
- Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін күнін, уақыты мен орнын Комиссия төрағасы айқындайды.
- Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастыруды, Комиссия мүшелерін шақыруды, Комиссия қорытындыларының жобаларын және басқа да қажетті іс-шараларды Жұмыс орган қамтамасыз етеді.
- Комиссия отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Бұл ретте қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысу саны қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын құруы тиіс. Жер комиссиясының мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
- Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысушы жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен айқындалады және егер жер комиссиясы мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе шешім қабылданды деп саналады.
- Комиссия отырысы міндетті түрде аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазылады. Жер комиссиясының отырысын аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
5
- Комиссияның қорытындысы бес жұмыс күні ішінде Жұмыс органы сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша
пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстарды Комиссияға берген уақыттан бастап хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады.
- Комиссияның оң қорытындысының бір данасы бес жұмыс күні ішінде оның жерге орналастыру жобасын дайындауы үшін өтініш берушіге беріледі.
4-тарау. Қорытынды ережелер
- Жер комиссиясының хаттамалық шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Сотқа арыз берілгенде Комиссияның хаттамалық шешімінің орындалуы тоқтатылады.
- Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету тиісті әкімнің аппаратына жүктеледі.
6
Ақсуат ауданы мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 11/4-VIII шешіміне 3- қосымша
Жер учаскесі округ аумағында орналасқан жағдайда, ауылдық округ әкімдері, жергілікті халық өкілдері жер комиссиясының құрамына кіргізілсін.
- Иманбеков Мэлс Ақсуат ауылдық округінің әкімі
Бахтыкалиович
- Рахымжан Ораз Ақсуат ауылдық округі бойынша
Рахатұлы жергілікті халықтың өкілі
(келісім бойынша)
- Караталов Айбек Екпін ауылдық округінің әкімі
Найманғазыевич
- Капатаев Қуанышбек Екпін ауылдық округі бойынша
Ризабекович жергілікті халықтың өкілі
(келісім бойынша)
- Абылаев Асхат Көкжыра ауылдық округі әкімі
Советқазыұлы
- Хайдаров Ержан Көкжыра ауылдық округі
Габдулманапович бойынша жергілікті халықтың
өкілі (келісім бойынша)
- Ерзат Алмас Ерзатұлы Сатпаев ауылдық округінің әкімі
- Нәбиев Ардақ Бөжейұлы Сатпаев ауылдық округі
бойынша жергілікті халықтың
өкілі (келісім бойынша)
- Боранжанов Болат Ырғызбай ауылдық округінің әкімі
Конирбекович
- Жокин Токтаргазы Ырғызбай ауылдық округі
Дайрбекович бойынша жергілікті халықтың
өкілі (келісім бойынша)
7
|
11. Дәуренбекұлы Мирас
12. Мейірғазыұлы Сержан
13. Мазенов Омирбек Балтабекович
|
Кіндікті ауылдық округінің әкімі
Кіндікті ауылдық округі бойынша жергілікті халықтың өкілі (келісім бойынша)
Қызыл кесік ауылдық округінің әкімі
|
|
|
14. Семизбаев Манарбек
|
Қызыл кесік ауылдық округі бойынша жергілікті халықтың өкілі (келісім бойынша)
|
|
|
15. Құрманғазы Ербол Құмкөл ауылдық округінің әкімі
Құрманғазыұлы
16. Тәңірбердіұлы Рүстем Құмкөл ауылдық округі
бойынша жергілікті халықтың
өкілі (келісім бойынша)
17. Мәселов Тілек Ойшілік ауылдық округінің әкімі
18. Жүнісов Жеңісбек Ойшілік ауылдық округі
Қызырбекұлы бойынша жергілікті халықтың
өкілі (келісім бойынша)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| |
|
|
|
|
|
|