Кіндікті ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасы және 2023 жылғы атқарған жұмыстары туралы

2023 жылғы 26 желтоқсандағы              № 11/3-VIIІ 

 

                     Ақсуат ауылы                                                                                             село Аксуат

 

 

Кіндікті ауылдық округі әкімінің

сайлауалды бағдарламасы және

2023 жылғы атқарған жұмыстары

туралы

 

Кіндікті ауылдық округінің экономикасының негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы, оның ішінде – мал шаруашылығы. Қазіргі уақытта ауылдық округ бойынша 56 шаруа қожалығы жұмыс істеп тұр.

          Мал басын асылдандыру бағытында асыл тұқымды бұқа сатып алынып, 21 шаруа қожалығы мемлекеттен субсидия алуда.

          «Агробизнес» бағдарламасы арқылы «Ерасыл» шаруа қожалығы  – 50,0 мың теңге несие алуға құжаттарын өткізіп, құжаттары қаралуда. «Іскер» бағдарламасы арқылы «Алғабас» шаруа қожалығы – 20,0 мың теңге және «Кадек» шаруа қожалығы – 15,0 мың теңге несие алуға толықтай құжаттарын өткізді.

Ауыл аманаты бағдарламасы бойынша ауылшаруашылығы мақсатында 3  азаматқа 2,5 пайызбен несие алуда.

          Округтегі «Гаухар» шаруа қожалығының төрағасы Искаков Серікқазы Кенемолдаұлы лизингке Беларус - 95 маркалы тракторын алды. Алдағы уақытта лизингке тағы жаңа үлгідегі  тракторлар  алу жоспарлануда.

          Ауылдық округ бойынша 2023 жылдың 10 айында тартылған жеке меншік инвестиция көлемі – 117 млн теңге.

          2023 жылдың  10 айында ауылшаруашылық мақсаттағы бос жерлерден 600 гектар егістік 200 мың гектар жайылымдық жер телімдері ауыл тұрғындарына жалға берілді.

          Аудан әкімінің тапсырмасына байланысты ауылдық округте әлеуметтік маңызы бар азық – түлік өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру мақсатында жұмыстар атқарылуда.  Ауылдық округте – 4 азық – түлік дүкені тіркелген. 2 тойхана, 1 наубайхана халыққа қызмет көрсетуде.   Әр апта сайын ауылдағы сауда дүкендеріндегі аса маңызды негізгі 19 түрлі азық – түлік өнімдерінің бағаларына  мониторинг жүргізіліп отыруда. Осы орайда негізгі азық – түлік өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру мақсатында  сауда дүкендерінің иелерімен сауда қосымшасын 10% - дан асырмау жөнінде екі жақты меморандум жасалып, келісім шарттарға қол қойылды.

         Аудан әкімінің тапсырмасына байланысты жыл бойы айына екі рет аптаның сенбі күндері бекітілген кестеге сәйкес жәрмеңкелер өткізіліп, ұйымдастырылуда.

          Округ бойынша мал басын өсіріп қана қоймай, мал тұқымын асылдандыру, селекциялық жұмыстарды жетілдіру бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта 15 шаруа қожалығы асыл тұқымды ірі қара малын өсіруде.         

Салық бойынша     

№

Салық түсімдері

2023 жылғы 10 айда түскен салық түсімдері

2023 жылға арналған жоспар

1

Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық 104402

1 080 643

900 000

2

Мүлік салығы 104102

20 000

120 000

3

Жер салығы 104302

15 000

27 000

4

Жер учаскелерін пайдалану (аренда)105315

2 809 545

 

900 000

5

Жеке табыс салығы 101202

166 653

500 000

6

Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық 104401

 

0

 

 

15000

 

7

А.ш мақсатынан басқа, жер учаскесін сатудан түсетін салық 303101

0

100 000

 

Жиыны

4 091 841

2 562 000

Ауылдың инфрақұрылымдық жағдайын жақсарту бойынша биылғы жылы Кіндікті ауылына 6 490 000 балалар футбол алаңы, Әбсейіт және Кенжалы би көшелері бойына 2 100 000 тг 1300 метрге көше жарық шамдары орнатылды, Алғабас ауылына құны 5400 000 тг балалар ойын алаңы салынды.  

Округте 657 адам есепте тұрады. Округте 87 зейнеткер, 37 ана «Алтын», «Күміс» алқа иегерлері мен 4 балалы және одан да көп балалы отбасылар. Ауылдық әлеуметтік қызметкерлердің қарамағында 6  жалғызілікті қарт, 4 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оларға аптасына 5 рет барып әр түрлі тақырыптарда сабақтар ұйымдастырылады.  Үй жинау, дене жаттығуларын жасату т.б жұмыстар атқарылады.

           Кіндікті  ауылдық округі бойынша 2023 жылдағы АӘК алатындар  көрсеткіші 22 отбасы болды. Оның  ішінде  көп балалы 2 отбасы. Қамтылғаны 56  адам, оның ішінде бала саны 33.

          Кіндікті ауылына қарасты Ғ.Мұратбаев орта  мектебінде 41 мұғалім білім береді. Оның ішінде: зерттеуші педагог – 4, сарапшы - 7, модератор – 9, жоғары санаттысы – 1, І - ші санаттысы – 1, ІІ - ші санаттысы – 4. Санатсыз  - 15 мұғалім бар.  Әкімшілік шаруашылық қызметкерлер  -  26 адам.  Мектепте 144 оқушы оқиды. Даярлық сыныбында -17 бала. Тегін ыстық тамақпен қамылған оқушылар саны – 42 бала.           «Айгөлек» шағын орталығында 15 адам жұмыс атқарады. Шағын орталыққа – 40 бала қамтылған.

          2023 жылы туберкулез ауруының алдын - алу мақсатында  міндетті түрде флюрографиялық тексеруден 240 адам толықтай өтті.

          Диспансерлік  есепте  тұратын  науқастардың жалпы саны 257 (қан айналым жүйесі мен тыныс алу органы, астма, қант  диабеті, асқазанның ойық жарасы)  тегін профилактикалық тексеру жасап берілетін дәрі-дәрімекпен толық қамтылған. 

          Округте 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана жұмыс істейді.

«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 Жарлығына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына сәйкес, жоғарыда аталған мәселелер негізінде Ақсуат ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Кіндікті ауылдық округінің әкімі М.Дәуренбекұлының атқарған жұмыстары есепке алынсын.
  2. Ауылдық округ әкіміне төмендегідей жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылсын:

          1) «Казагроның» қаржылық институттарымен шаруа қожалықтарының арасында іскерлік байланыс орнату, инвестиция тарту;

2) «Ауыл аманаты»,  «Жастар несие»,  «Агробизнес», «Іскер» бағдарламалары бойынша жұмыстар ұйымдастырсын;

3) Қауымдастық мүшелерімен жиналыстар өткізу, ауылдық округ әкімінің бюджетіне берілген трансферттерді қауымдастық мүшелерімен бекіту;

4) Бюджеттің меншікті кірістер және қосымша кіріс көздерін іздестіру алгоритмі бойынша берілген тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету, шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік саласындағы жалдамалы жұмысшыларды анықтау;

  1. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық маслихаттың тұрақты комиссияларына тапсырылсын.

 

 

Ақсуат ауданы

мәслихатының төрағасы                                                                      Ж.Оразғалиев

 

 

 

 

2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/3-VIIІ шешім
Дата публикации
16 апреля 2024